Жеңіс шеруі: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің салтанатты киімдері әзірленуде

Жеңіс шеруі: Ұлттық ұлан жауынгерлерінің салтанатты киімдері әзірленуде

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған шеруге дайындық қыза түсті. Қазір салтанатты шараға қатысатын Ұлттық ұлан сарбаздарының киімдері тігіліп жатыр. Олар әскери талаптар ескеріле отырып, арнайы сапалы матадан тігіледі. Киім мерекелік шараның сән-салтанатын арттырып қана қоймай, сап түзейтін сарбаздардың сырт келбетіне салмақты реңк береді. Тігін цехындағы шеберлер әрбір форма үлгісі нақты өлшемдермен жауынгердің дене бітіміне сай болады деп отыр. Ыңғайлылық пен жинақылыққа ерекше мән беріледі. Бастысы - киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер болады. Бұл дәстүр мен заманауи келбеттің үйлесімі. Сонымен қатар,  Жеңіс күнінің рухын асқақтатады. Айта кетейік, шеруге Ұлттық ұланның 400-ден астам сарбазы қатысады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?