Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге әзір

11,5 миллионнан астам қазақстандық алдағы референдумда өз ұстанымын білдіреді.  Оның 11 мыңнан астамы шет елдерде дауыс береді. Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекетте 65 учаскелік  комиссия құрды. Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге дайын екендерін мәлімдеді. Комиссия төрғасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша Ата заңға енгізілетін өзгерістерге жалпыхалықтық дауыс беруге қажетті процедуралар толығымен әзір. Тиісті мекемелер мен құзырлы  органдар, сайлау комиссиясы жалпы жұртшылықты қажет мәліметтермен ақпараттандырды.  Тұрғындардың элекстронды жүйелерді пайдалану арқылы тізімде бар-жоғын,  дауыс беретін сайлау учаскесін тексеруіне болады.

Блиц:

– Мен міндетті түрде дауыс беруге барамын. Әрбір азамат мемлекет алдында жауапкершілігін сезінуі қажет. Менің ойымша, өзгеріс керек.  Оның уақыты бұрын-ақ келген.  Қазір биліктің өзгеруіне байланысты елімізде жаңа өзгерістер болып жатыр. Болашақта барлығы жақсы болады деп сенемін.

– 5 маусымда не болатынын білемін. Оң ықпал етуі тиіс.  Нәтижесін алда көреміз.