Бұл брендтен сіз қалаған киім үлгісін таба аласыз. Бірақ, бұл жай ғана киім емес. Әр киімнен қазақтың ұлттық өрнегін анық көруге болады. Осындай ерекшелік - брендтің сән әлеміндегі бағасын еселей түседі.
Брендтің негізін қалаушы - Динара Абдулина әу бастан өзінің бірегей материалдарын пайдалана отырып, нео-этникалық стильде киім жасауды мақсат еткен.
Этникалық өрнекпен көмкерілген қайталанбас киімдер «Silk Way» телеарнасы «Sense of style» бағдарламасында!