Таулы өлке. Алтай жүрегі. Шығыс Қазақстан өңірі Қытай мен Ресей елімен шекаралас жатыр. Бұл – керілген кербез тау мен тұнық су қоймалары шоғырланған мекен. Жан баспаған табиғаттың ғажайып көрінісі де осында. Бұқтырма – маңғаз, қыңыр мінезді. Ол Оңтүстік Алтай шыңдарынан бастау алады. Күн жылынып, қар еріген кезде буырқанған тау өзені асау ағынға айналады. Шығыс Қазақстанның басты байлығы – суы. Елдегі су қорының 40% осы аймақтың еншісінде. Өңірде ұзындығы 10 мың шақырымнан асатын 880-дей өзен бар. Өлкенің кең-байтақ жерін мыңнан астам айдынды көл тіршілік нәрімен сусындатып отыр. Бұқтырма бөгені – Ертіс өзеніндегі жасанды су қоймасы. Бұқтырма бірегей табиғи ландшафтан өз орнын тауып қана қоймай, аумаққа кербездік пен маңғаздық сыйлай білді. Су қоймасы әлемдегі 5 ірі нысанның бірі. Ауқымдылығы көз сүріндіреді. Ол шынымен де алып, шексіз. Бөген 1966 жылы ГЭС құрылысы кезінде пайда болған. Оның жалпы аумағы – 5490 шаршы шақырым. Осындай алпауыт өлшемдер негізінде көптеген айлақ пен шығанақ қалыптасты. Түрлі санатория, демалыс үйі мен пансионаттар жұрт игілігіне берілген. Туристер үшін судағы ойын-сауықтың түр-түрі жұмыс істейді. Айналадағы көрініс су жақтан ерекше бояуға енеді.