Көне Түркістан қаласы – Түркі әлемінің рухани астанасы. Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолының бойы. Қазақ даласындағы сәулет ескерткіштерімен әйгілі, киелі мекен. Түркістан облыс орталығы болып жарияланған сәтте оның тарихында жаңа кезең басталды. Еліміздің рухани орталығының ауқымды құрылысы озық сәулеттік шешімдер мен мәдени, тарихи мұраларды біріктірді.