Қанша уақыт өтсе де ғажайып сиқыр ешқашан жоғалмайтын ертегілер бар. Солардың бірі нәзік те, қорғансыз ұйқыдағы арудың оқиғасы. Бұл туынды ғасырлар бойы талай өнер адамына, әсіресе балет бишілеріне шабыт беріп келеді. Ұйқыдағы ару жайлы көптеген балет қойылымы сахналанды. Бірақ ең сәтті шыққаны - Пётр Чайковскийдің музыкасына қойылған нұсқасы еді.
Уақыт өте
келе «Ұйқыдағы ару» балетінің қазақстандық нұсқасы да пайда болды. Авторлық
қойылым қандай ерекшелікке ие? Алтынай Асылмұратованың бастамасы сыйлаған
мүмкіндіктер. Балет өнерінің қыр-сыры. Culture vibe-тың кезекті санында...

