Бүгінгі қоғамда мәдени-әлеуметтік өзгерістер қарқынды
жүріп жатыр. Қарқынды болғаны соншалық, тіпті біздің өзімізге тым белсенді
болуға тура келеді. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі уақыт талабынан шыға алуымыз
керек. Ал, уақыт талабы – сәнді әрі стильді киіну ғана емес. Иә, бүгінгі
заманда инвестиция жасап, жақсы мен жаманды айырып, салауатты өмір салтын
сақтай білудің маңызы зор. Басқасын айтпағанда шоколадтың өзі трендке айналды.
Тренд – бұл өзгеріс, ұмтылыс. «Тренд» сөзі өткен ғасырдың
60-70-ші жылдары сән әлеміне еніп, мәдениет пен өмір салтында қолданыла
бастады. Ал, бүгін қазақи тренд туралы сөз қозғаймыз.

