Әлемдік пандемия, төтенше жағдай, жалпыға міндетті карантин - тек экономиканың ғана емес, денсаулық деңгейінің де құлдырауына әкелді. Бұл, әсіресе, Covid-19 кезеңінде бәрімізді әбігерге салған жағдай еді. Қиындық қоғамды денсаулыққа деген жауапкершілікке, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға үйретті. Бастысы, қолда бардың қадірін түсіне бастадық.
Енді трендке айналған бұл үрдістің біз білмейтін ерекшеліктері қандай? Қалай отыз жаста он сегіздегідей сымбатты сақтап қалуға болады? Жан мен тән саулығындағы баланс құпиясы неде?
Осы сұрақтарға бағдарламаның кезекті шығарылымында жауап аламыз.

