Адам баласы үлкен өмір жолындағы арпалыс пен жанталастан шаршағанда, тыныштық пен бақыттың мекені - өз үйіне оралады. Алайда сол үйде сізді арпалыс пен жанталас күтіп тұрса ше? Түксиген қабақ, зіркілдеген дауыс, жуан жұдырық тосып тұрса ше? Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен жалғыз қызынан айырылып отырған отбасы бүгін студиямызда. Олар әділдік іздейді.