Айзада Сауранбек - орыс, ағылшын жапон және тағы бірнеше тіл меңгерген полиглот. Ол аз десеңіз, тігіс тігеді. Ал ән салғанда дауысы қандай керемет?! Ең қызығы, Айзада дүниеге келгенде дәрігерлер оған сал ауруы диагнозын қойып, ешқашан жүре алмайды деп үкім шығарған. Алайда дәрігердің үкіміне көнбеген ана қол қусырып отырмай талмай ізденді. Міне, соның арқасында Айзада бүгін қатарының алды. Өмір бойы төсекке таңылуы мүмкін деген бала бүгін дәл алдымызда отыр.