Түркістандағы денсаулық сақтау мәселесі

Түркістан облысындағы клиникалық аурухананың тарихы тереңнен басталады. Ресей империясындағы 1867-1868 жылғы реформа бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін уездерде дәрігер, фельдшер және босануға көмектесетін бір маман бекітілді. Әрине, алғашқы кезде медициналық мекемелер қалаларда, ірі станцияларда ғана шоғырланып, қарапайым халықтан гөрі әскерге қызмет көрсетті. 1968 жылы ашылғанда Шымкенттегі госпитальде небәрі 5 төсек-орын ғана болған екен.