Ғылыми экспедиция Торғай өңірінде. Қыз Тамында жерленген қазына екі руды қалай бітімге шақырған? Шоң бидің болыстыққа сайлануына Ыбырай Алтынсарин не үшін ықпал еткен? Лақ батырдың бір аяғы неліктен бөлек көмілген? Қазақ тарихында еркек кіндіктіден еш кем түспеген батыр қыздар баршылық. Десе де әйел адамға орнатылған еңселі ескерткіштер санаулы. Ол аздың бірі Арқалық қаласына қарасты Екідің ауылының іргесінде орналасқан – Қыз Тамы. Бабалар ізімен ғылыми экспедициясы аялдаған келесі ескерткіш Екідің ауылының жанында, Торғай өзенінің бойында орналасқан – Шоң би кесенесі. Іргетасы XIX ғасырдың соңына таман қаланған деген ақпарат бар. Табиғи тастан өрілген бірақ уақыт өте құлаған зират – XVIII ғасырда өмір сүген Лақ батырға тиесілі. Лақ батырдың да ерлігі көп болғанымен есімі елге таныс емес.