Көп жылдар бойы сол жақ Талғардан Тоғызақ мұздығы арқылы өтіп, Шелек өзенінің жоғарғы саласына дейін баратын жол ресми түрде пайдаланылған туристік бағдар болды. Жол онша ауыр емес, бірақ категориялық болып саналатын, яғни ол жерден арнайы құрал-саймансыз өте алмайсың. Мұзтанушы Дмитриев экспедициясы 1910 жылы осы жолды салт атпен жүріп өткен екен. Оларды Шелектің жоғарғы жағын мекендеген Тоғызақ руының аңшылары алып өтіпті. Мұздықтың аты да солардың құрметіне қойылған екен.