Максим Левитин: Қазіргі кезде Балқаштың, Балқаш бойының тағдырына жұрттың бәрі алаңдайды. Дегенмен бұл мәселеге біздің командамыз ерекше мән беріп, мұқият қадағалайды. Мұндай күрделі экожүйенің видеопортретін жасау үшін бұл жерге бір рет келу жеткіліксіз. Соңғы екі жылдағы қуаңшылық мәселесі бүгінде БАҚ-тың алғашқы бетінен түспейді. Әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Балқашты сақтап қалудың жоспарын құруға тапсырма берді. Биыл Қазақстанның біраз аймағында құрғақшылық орын алып отыр. Ал енді табиғаттың осы құбылысы Балқаш пен Іле өзені алқабына қалай әсер етеді екен?