«Салауатты ұлт» бағдарламасының кезекті шығарылымында хоккейден Қазақстан Президентінің кубогі жайлы айтылады. Барыстың жаңа маусымға дайындығы көрсетіледі. Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевпен сұхбат та құрылады. Ал бағдарлама соңында бильярд спорты туралы толық ақпарат беріледі.
Токиода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан командасы бірнеше антирекорд орнатты. Біріншіден, біздің спортшылар дүбірлі додадан алтын жүлдесіз қайтқан емес. Екіншіден, боксшылар үмітті ақтамады. Алтын күткен боксшыларымыздың шамасы 2 қолаға ғана жетті. Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаев финалға бір қадам жетпей тоқтады. Бокстағы сәтсіздіктің себебі неде? Қандай реформалар күтіп тұр. Бұл сұрақтарға Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаев жауап береді.