Бағдарламаның бұл шығарылымында сахна сыртында жүретін мамандар туралы әңгімеленеді. Оларды көбісі танымайды, бұқаралық ақпарат құралдары да олардан сұхбат ала бермейді. Бірақ бұл кәсіп иелерінсіз театр тынысын елестету мүмкін емес. Ендеше сахна сыртындағы сиқыршылармен таныс болыңыздар!
Бірде әйгілі Рейнгольд Глиэр вокалистер байқауының қазылар алқасына жетекшілік ету туралы ұсыныс алады. Аталмыш сайыста көптеген әнші бақ сынап жатқан көрінеді. Барлығын бірдей «талант» деп атау қиын еді. «Кім сізге ерекше әсер сыйлады?» деген сұраққа маэстро шын көңілімен: «Концертмейстерлер», – деп жауап берген екен.
Иә, бұл – сирек кездесетін мамандық. Осы орайда талантты пианист еш уақытта концертмейстер бола алмайтынын айта кеткен жөн.