ТМД елдеріндегі көптеген қалалардың сәулеті соңғы 30 жыл ішінде өзгергені анық. Тарихи орамдардың жанынан жаңа құрылыс нысандары бой көтерді. Олар сыртқы көрінісі, жаңа технологияларды ұтымды пайдалануы, биіктігі және дизайны жағынан ерекшеленеді. Бағдарламамызда біз аймақтағы үш астанаға саяхат жасаймыз. Алғашқы сапарымыз Өзбекстанның бас қаласы –Ташкенттен басталмақ.
Ташкент ежелден-ақ Шығыстағы ең әсем шаһарлардың бірі саналған. Мұнда күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді. Ташкент халық арасында «жан жылуын сыйлайтын қала» ретінде белгілі. Оның қайталанбас сәулеті,қонақжай тұрғындары және тамыры тереңде жатқан тарихы бар.