Жұрт адамзат тарихындағы ең ұлы жаулап алушы, құрлық бетіндегі ең алып империяны құрған адам. Дүниенің жартысын бағындырған тұлға деп жиі атайды. Негізі олай емес. Шыңғыс ханның өзі Солтүстік Қытайды, Хорезмды жаулап алды, Таңғұттар мемлекетіне жорықтарын бастады. Оның балалары мен немерелері әкесі мен атасының жолын жалғастырып, тарихтағы ең ұлы мемлекетті құрған.
Әйтсе де бұл дерек басқару тізгінін лайықты адамдардың қолына ұстата білген Шыңғыс ханның өзінің көреген ұйымдастырушы, мемлекеттік қайраткер ретіндегі еңбегін еш кемітпейді. Міне, сондықтан ЮНЕСКО «Шыңғыс ханды өткен мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы» деп атады.