Биыл Шымкенттен Еуропа мен Азияның 7 бірдей қаласына жаңа тікелей рейстер
ашылмақ. Алдымен шырайлы шаһарды Мюнхен және Будапешпен жалғайтын әуе бағыты
орнайды. Одан кейін Шанхай, Сеул және Каирге ұшақ қатынайды. Ал шілде айында жолаушылар
Сиань және Үрімшіге ұшақпен тура жете алады. Қазір Шымкент әуежайындағы жаңа
терминалда қосымша перрон мен ұшақ үшін тұрақ орындары көбейтілді. Жалпы, бұл
рейстердің ашылуы Шымкент халықаралық әуе хабын дамыту бағдарламасына серпін береді.
Бексұлтан Әділханов, Шымкент қалалық туризм, сыртқы байланыстар және
креативті индустрия басқармасының басшысы:
- Жыл басынан бері қалаға 6 мыңға жуық шетелдік туристер келген. Бұл «Е
qonaq» ақпараттық порталы арқылы алынған мәлімет. Осы бірінші кварталдың
қорытындысы бойынша тек қана шетел туристерінің саны. Тікелей әуе рейстерінің
ашылуымен Еуропа елдерінен туристердің көптеп келуін күтудеміз.

