Шығыс Қазақстан
еліміздегі таңғажайып өлке. Тұмса табиғаты ерекше. Ежелден бұл жерді маралдар
мекендейді. Халқы бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы марал өсірумен
айналысады. Маралдың мүйізі нағыз элексир. Марал мүйізінің емдік қасиеті
ертеден белгілі. Шығыс медицинасында пантының емдік қасиеті женшеннің тамырымен
тең деп бағаланады.