Жылқы терапиясы - жан мен тән саулығы

Мегаполис өмірі сан қырлы əрі қызықты болғанымен, қаланың қарбалас ағынына ілесу көп күш пен энергияны қажет етеді. Жаны тыныш өмірді қалайтын адамдар кейде үлкен қаланың тынымсыз тірлігінен күйзеліске ұшырап, қажиды. Мегаполисте тек мақсат қойғыш, іске берік, табанды, жүйкесі мен денсаулығы мықты адамдар ғана тұра алады деп айтуы да осыдан шығар Күйбең тірлігі қыз-қыз қайнаған осындай үлкен қалада тұрғындар денсаулығын қалай нығайтады, қайда демалады? Бұл туралы біз бүгінгі бағдарламамызда айтамыз.