Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесуінде белгілі болды. Петер Шпулер Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклын жолға қою жоспары туралы мәлімет берді. Мәселен 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35%-ке дейін арттырып, сондай-ақ, қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспарланған. Сонымен қатар компания оқу орталықтарын ұйымдастыруды және отандық колледждер, университеттермен қарым-қатынас орнатуды мақсат етіп отыр. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдірді.