Бүгінгі бағдарламамыздың қонағы – ақын Шөмішбай Сәриев.
Шөмішбай Нағашыбайұлы Сәриев 1946 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.
Ғафу Қайырбеков оны – «қос қанатты ақын» деп бағалады. Замандастары талантына қызыға қарады. Ақын қаламынан туындаған әр шығарма қазақ поэзиясының ғана емес, қазақ музыка өнерінің де теңдессіз байлығы.