«Әдебиеттің тұрақты өкілі» деп ақын Исраил Сапарбайға Қадыр Мырзаәлі баға берген. Алайда ол өзін әдебиетке кеш келген ақындардың қатарына жатқызады. Себебі 30-ға дейін жазған өлеңдерінің көбісін өз қолымен сызып тастаған. Ал драматургия саласына ол елуді еңсерген соң, бір-ақ келді.
Оның «Әмір Темір», «Абай-Тоғжан», «Махаббат мейрамы», «Сыған серенадасы» сынды пьесалары театрларда қойылып жүр.
Дарабоз бағдарламасының бүгінгі қонағы – ақын, композитор, драматург, «Платиналы тарлан» сыйлығының иегері Исраил Сапарбай.