Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала. 1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды.