Бабаларымыз ту тігіп, түтін түтеткен алтын Алтай тағдыр тәлкегімен төрт елдің иелігінде. Алайда ата қоныс Алтайды қастерлейтін біздің жүрегімізді ешбір шекара шектей алмаса керек. Біз оның әрбір аттам жеріне, тауы мен тасына, суы мен орманына, ондағы өз атамекендерінде отырған қандас бауырларымызға және бәрімізге ортақ тектік (рулық) шежіремізге махаббатпен қарауға тиіспіз.