Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылдан асты. Мұндағы әлемге әйгілі көркем суреттердің топтамасы Қазақстандағы үздіктердің қатарына жатады.
Мұражайдан XVIII-XX ғасырдағы орыс кескіндемесін, даңқты Еуропа суретшілерінің картиналарын, ағылшын, француз және голландиялық шеберлердің графикаларын көруге болады. Сонымен қатар қазақстандық сурет өнерінің еншісіндегі ең ірі топтама да осында сақталыпты. Мұражай қорында бас-аяғы 5 мыңға жуық туынды бар.
Сондай-ақ мұражайға айналған көпес Федор Степановтың үйі – XIX ғасырдағы Ресей империясында кең тараған көпес архитектурасының үлгісі. Бұл стильдегі үйлердің көбі сапалы, мықты әрі мың жылға шыдас беретіндей төзімді. Семей саудагерлерінің тұрғызған жекежайлары қазірге дейін қала тұрғындарына адал қызмет етіп келеді.
Тарихы терең жатқан Семей өңірінің өзге де архитектураларының тарихы мен құрылысын білгіңіз келсе, бағдарламамызды толық қарап шығыңыз.