Самарқан – ежелден-ақ саяхатшылар мен ақындардың, музыканттар мен философтардың қиялына қанат бітіретін әдемі шаһар болды. Өзінің сұлулығымен, сән-салтанатымен, бай тарихымен, сондай-ақ ірі сәулет ескерткіштерімен ерекшеленетін бұл қала – Вавилон, Афины және Мемфис сынды ежелгі қалалардың қатарында тұр. Ұлы Жібек жолымен бұл шаһарға сан мыңдаған керуендер ағылатын. Себебі Шығыс пен Батысты байланыстыратын аты аңызға айналған жол торабының кіндігі – дәл осы Самарқан еді.