Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою-өрнектер.
Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан әшекей - бұйым, шапан мен түрлі киім үлгілері де жетерлік. Ұмыт қалған ұлттық киім-кешектеріміз, араға жылдар салып қайтадан трендке оралды. Оған қоса, қазақша нақыштағы бұйымдар мен киімдер жастардың сүйіп киетін күнделікті образдарына айналған.