Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Олар қазақ тілін балабақшаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында да үйреніп жүр. Қазақтың жақсы, дана сөзі бар: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ».