Динара Абдуллина. Ол 2008 жылы мультибрендті киім дүкенін ашып, бес жылдан кейін жеке өзінің Samidel’ деп аталатын брендін іске қосты. Олардың перфорацияланған киімдері бірнеше жыл бойы қазақстандық сәнгерлер арасында трендке айналды.
Динара сән үрдісін нео-этно деп атайды, өйткені ол ұлттық ою-өрнектермен безендірілген киімдерді жасайды. Брендтің басты мақсаты – жалпы нарықты кеңейтіп, қолжетімді әрі сапалы отандық киімдер шығару.