Оның киімдерін басқалардың арасынан жазбай танисыз. Оның тіккен көйлектерін кисең, өзіңді тура бір кербез ханымдай, жоқ тіпті патшайымдай сезінесіз.
Аида Қауменова. Қазақстандағы танымал дизайнерлердің бірі. 2001 жылы Италияның Урбино қаласында дизайнерлік білімін тереңдетіп келген соң, оның шығармашылық жолында тың серпіліс болды. 6 жылдан соң Аида өзінің жеке сән үйін ашады.
Дизайнердің пікірінше, оның топтамаларының халық арасында танымал болуына – ұлттық киімдер арқау болған.