Жоғалған уақыттың арасын түсінген кезде ғана жалғай аласың. Салтанат Тәшімова қылқаламына тіл бітіріп, бояуды араластырып қолдану арқылы сол заманның тынысын, өзіндік ерешелігін тартымды етіп жеткізуді өте жақсы меңгерген.
Әрине оның өмір жолы да сүйіспеншілік сезіміне толы. Сондықтан суретшінің өнебойы бүгінде «адамдардан табыла бермейтін» махаббатқа тұнып тұрғандай болып көрінеді.
Салтанат Тәшімова театр институтының сәндік-жиһаздық маталар бөлімін бітірген. Оның жұмыстарын Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Жаңа Зеландия галлереяларынан, жекелеген коллекционерлерден, сондай-ақ суретшінің жеке шеберханасынан көре аласыз. Мінезі ашық, көпшіл адам болған соң ол әркез құмартып, сан құбылып жүреді. Солай болуы керек те. Оның картиналары – өмірбаяндар жиынтығынан тұратын секілді. Өйткені, онда кездесу мен қоштасу, жоғалту, қартаю сияқты өмірдің сан тарау ағысы баяндалады.
Бағдарламада біз Салтанат Тәшімованың шынайы образдарды бейнелеген шығармашылығы туралы айтатын боламыз.