Гүлшат Джур – қаншама ғасырдың тереңінде жатқан көшпенділер тарихын туындысына арқау етіп келе жатқан суретші. Оның әдемілікті көрсетуге деген құштарлығынан адам айтса сенгісіз, керемет, ғажап бейнелер өмірге келіп жатыр.
Гүлшат Джур төбесін қар басқан алып таулар, сарқырап аққан өзен-көлдер, саржаз даламен сырласа отырып, сонау бір заманда тіршілік еткен көшпенділер өмірін көз алдымызға алып келеді. Түйе үстінде тербелген сәті, жұлдызды аспаннан жүрекке түйгені, құстардың сайрағаны... Осының бәрі шебердің керемет гобелень мен киізден жасаған еңбектерің шығуына себеп болғандығын сырлы сұхбаттан аңғаратын боласыздар.