Отбасылық дәстүрге айналған шағын және орта бизнес - мемлекеттің басты тірегіне айналып келеді. Бүгінгі кейіпкерлеріміз де осындай бизнестің бел ортасында жүр. Таңмен таласа тұрып, 14 гектар аумақты алып жатқан жасыл әлемді аралау - қос кәсіпкердің күнделікті жұмысы.
100 пайыз қазақстандық өнім. Қуаты айына 60 тонна жасыл желек өсіруге жететін жылыжай бүгінде қазақстандықтардың қажеттілігін өтеп отыр. Инновациялық әрі заманауи жылыжайды еліміздегі бірегей кешен деуге де болады. Бұл - көк шөп өсіретін бірден-бір мамандандырылған орын.
Күнделікті дастарханымызда не дүкен сөрелерінде тұрған салат
жапырақтары қалай өсіріледі? Отандық жасыл бизнестің құпиясы неде? Бизнестің
бұл түрін қаншалықты табысқа жетудің кілті дей аламыз? Осы шығарылымнан білесіз!

