Ұзақ жыл қаржы саласында еңбек еткен Серік Аутаев 2013 жылы
отбасы бизнесін қолға алады. Стоматологияға елде сұраныс қашан да жоғары
болған. Нарықта бос ниша болмаса да, әзірге қалада стоматологиялық кабинеттер
ашу артық етпейді. Осыны ескерген қаржыгер жұбайының медицинадағы тәжірибесін
бизнесте пайдаланды. Қазір үлкен әулет стоматология саласында еңбек етіп,
кәсіптерін әрі қарай дамытып келеді.
Сонымен қатар, кәсіпкер тазы өсірумен де айналысады. Асыл
тұқымды жануарды өсіріп қана қоймай, зерттейді. Күні бүгінге дейін Серік Аутаев
өсірген тазылардың күшіктері Мемлекет басшысына, әнші Димаш Құдайберген мен
шетелдіктерге сыйға берілген.

