Пеште пармезан қосылған баклажаннан италиялық асты қалай әзірлейді?

Италияның Қазақстандағы Елшілігінің сауда және мәдени мәселелер жөніндегі атташесі Сара Менегетти «Talk & Cook» шоуында қонақта! Бұл шығарылымда пеште пармезан қосылған итальяндық баклажан тағамы пісіріледі. Бағдарлама қонағы неліктен бұл тағамның пицца мен макарон сияқты Италияның «визиттік картасына» айналғанын айтып береді.

Сонымен қатар, ол Италия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды күшейту басты мақсаты екенін айтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени ұқсастықтарға тоқталады.