Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахман - «Talk & Cook» шоуында қонақта! Бағдарлама мейманы Индонезиядағы тарихи оқиға – ел астанасының Джакартадан Нусантараға көшіру туралы баяндайды. Елші жаңа мегаполис жақында Астананың бауырлас қаласына айналғанын қуана жеткізеді. Сонымен қатар ол Индонезияның Қазақстанмен байланысы, ынтымақтастықтың басымдықтары жайында әңгімелейді. Сондай-ақ танымал индонезиялық нәзіктікпен әзірленетін – «Пискок» шоколадты-банан десертінің рецептімен бөліседі.