«Inside Family Business» бағдарламасының бұл жолғы кейіпкері - Анель Рзина. Ол жолдасымен бірге бүгінде дүкен сөрелерінде жоғары сұранысқа ие ашытқы негізіндегі пайдалы нандарды жасайды.
Анель Рзинаның кәсіпті бастауына негізінен отбасындағы аналық
қамқорлығы, балаларының денсаулығы себепші болды. Бір кездері отбасы үшін
нанның ерекше өнімдерін үйден пісіретін жас ана кейін сол ісінен бизнестің
көзін тапты. Алайда Анель бай болуды ғана емес, қоғамға пайдалы болуды мұрат
етеді.

