Ауқымды пандемияның екінші жылы COVID-19-бен күресудің негізгі және орталық құралы жаппай иммундау екенін көрсетті. Вакциналар дағдарыстан шығудың ең сенімді жолын ұсынады, бірақ қай тәсіл дұрыс? Біз иммунитетке қаншалықты жақынбыз? Неліктен жалған ақпараттар мен қауесеттер адамдарға ресми ақпаратқа қарағанда тезірек жетеді? Ақпараттық обадан қалай аулақ болуға болады?
Пандемиядан туындаған мазасыздықты, күйзелісті және ашушаңдықты қалай жеңуге болады? Жұмыс пен жеке өмір арасындағы жоғалған тепе-теңдікті қалай қайтаруға болады? Неліктен әйелдер жұмысқа шығуға асықпайды және неге олар мансаптық өсуден бас тартып отыр? Пандемия салдарынан туындаған жаңа әдеттер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның коронавируспен күрестегі күш-жігерін қалай бағалайды? «Маңызды әңгіме» жаңа шығарылымындағы ең басты және ең өзекті мәселелерді Ләззат Шатаева мен бағдарлама қонағы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Кэролин Кларинваль талқылайды.