Бүгінгі кейіпкеріміз туралы көпшілік біле бермейді, бірақ Құлжанова – қазақ тарихындағы алғашқы ұстаз, алғашқы журналистердің бірі және алғашқы абайтанушы әйел. Ол 1887 жылдың 27 шілдесінде Торғай қаласында дүниеге келген. 15 жасында Қостанай гимназиясын бітіріп, көп ұзамай мұғалімдер семинариясында сабақ бере бастайды. Ол махаббатсыз тұрмысқа шығудан бас тартып, өздігінен қалың мал төлеудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде сол жылдардағы әйгілі ағартушы, ұстаз Нұрғали Құлжановпен бас қосады. Нәзипа ұлы Абайдың өлеңдерін жақсы көрді және оның қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кештер ұйымдастырды. Ол әдебиет пен өнер мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбектер, әйелдердің тең құқықтары туралы мақалалар жазды.