1 ғасыр бұрын Павлодар қаласындағы ғимараттың жартысынан көбі жанып кеткенде аман қалған ағаштан салынған ғимарат туралы білесіз бе? Қазақ даласының белді өнерпаздары өнер көрсеткен үйдің әлі күнге дейін сол қалпы тұрғаны жайлы естігенсіз бе? Не болмаса терезелері кісі бойынан биік, аумағы 1000 шаршы метрге жуықтайтын ерекше ғимараттың тарихымен таныссыз ба? Осы шығарылымда Павлодар қаласының экстерьері мен интерьері үйлескен ғимараттары туралы толығырақ таныса аласыз.