Қазақстанның бейнелеу өнеріне арналған бағдарламамыздың бүгінгі саны – белгілі қылқалам шебері, өнер қайраткері, отандық бейнелеу өнерінің аса көрнекті өкілі Әбдірашит Сыдыхановқа арналады. Суретшінің шығармашылық жолы 1960 жылы басталған. «60-шы жылғылар» - қазақ бейнелеу өнеріндегі көзқарасы мен мұрасы ерекше буын саналады. Көптеген отандық фильмдердің түсіріліміне атсалысқан Әбдірашит Сыдыханов таңбалық кескіндеме шебері де болған. Бүгінгі әңгімеміз - белгілі суретшінің шығармашылығы жайлы болмақ.