Бүгінгі қонағымыз – қазақстандық суретшілердің шығармашылығын зерттеумен көп жыл бойы айналысып келе жатқан өнертанушы Камилла Ли. 60-шы жылғы суретшілердің туындылары жайлы көп жазған Камилла Ли «түркі романтизмі» деген терминді қолданысқа енгізді. Бүгінгі әңгімеміз – отандық бейнелеу өнеріне жаңашылдық әкелген 60-шы жылдардағы суретшілер туралы болмақ. Олардың туындылары несімен ерекшеленді? Арасында ерекше көзге түскен Салихитдин Айтбаев және басқа авторлар қазақстандық бейнелеу өнеріне қандай өзгеріс әкелді?