Тапсырыспен жасалған қастандық па, әлде кездейсоқ өлім бе? Ол өз ажалын қалай болжады? XVI ғасырда жасалған қанды қылмыс. Мұхаммед Хайдар Дулати. Танымал тарихшының өмірін кім үзді? «Құмсағат» бағдарламасында.
«Мен садақ үйреткен адамдардың арасында өзіме артымнан оқ жұмсайтын күдіктілер жоқ емес», – деді Мұхаммед Хайдар Дулати.
Қайтыс боларынан бірнеше жыл бұрын жазып қалдырған хатының мәтіні өмірінің соңын өзі болжап кеткендей әсер қалдырады. Ал оның дүниеден қайтуы ең жұмбақ өлімдердің бірі саналады. Ол туралы мәлімет көп секілді, бірақ ешқайсысы нақты емес. Сонымен бұл кездейсоқ келген өлім бе, әлде алдын ала ойластырылған қастандық па? Талай ғасыр бұрын жасалған қылмысты қалай ашуға болады? Мұхаммед Хайдар Дулати. Жауынгер, саясаткер, ақын. Найза қаламға теңестірілген заман. Ол дәл осындай аласапыран уақытта өмір сүрді.
Тарихшы қайда жерленген? Жазбалары тарихшының түбіне жетуі мүмкін бе?