Мықты тарихшы болу үшін тарихты өзің жаз, яғни әлем елдерінің тағдырына аралас, әміріңді жүргіз. Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидің қолынан келді. Сол заманғы тұлғалардың қысқа уақытта жүріп өткен жолына таңғалмау мүмкін емес. Қалың әскер жер қайыстырып, шаң көтеріп, Сайрамнан өтсе, көп ұзамай Қашғарды да артқа тастап үлгереді. Енді бір мезетте Үндінің салтанатты кең әрі салқын сарайында демалып, өз естелігін жазып отырады. Айтылғандардың барлығы – XVI ғасырға тән тәсіл. Ғажайып уақыт. Дарынды ақындар мен ғалымдар дәуірі. Олар мұның бәріне қашан, қалай үлгерген?