Мұхамеджан Тынышбаев - Қазақтың тұңғыш теміржол инженері

«Біздің тарих» бұл жолы Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының Премьер-Министрі, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері, егемендігімізді қалыптастыруға оразан зор үлес қосып, «Қызыл террор» кезінде қайғылы қазаға ұшыраған Мұхамеджан Тынышбаев жайлы сыр шертеді.


Халық үшін маңызды мәселелерді шешуге Мұхамеджан Тынышбаев бала кезінен араласады. Оның әкесі Жетісу облысының биі болған. Бүкіл өмірін қазақ халқының мүддесін қорғауға арнаған. Осы себепті де Мұхамеджан Тынышбаев ізденімпаз әрі зерек болып өсті.

Ол әрі қарай қайда білім алды? Еңбек жолында қандай ерліктер жасады? Отбасылық өмірінде көрген қызықтары мен қиыншылықтары және оның азаттық жолындағы ерең еңбектері мен қайсарлығы жайында «Біздің тарих» бағдарламасының осы санынан көре аласыздар.