Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол
қойған лудомания туралы
заңға қатысты әлеуметтік желіде пікір
білдірді. Оның айтуынша, бұл Ұлттық
құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған бесінші
заң. Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде лудоманияны әлеуметтік кеселдің
бірі деп атап өтті және тиісті нормативтік құжатты Парламенттің қазіргі
сессиясының соңына дейін қабылдауды тапсырған болатын. Заң жобасы түрлі
пікірталас алаңында талқыланып, көктемде
заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар
бекітілді. Жаңа заңда құмар
ойындарға тәуелді адамдарды медициналық оңалтудың тәртібі белгіленді. Мұндай
адамдарды, құпиялылықты сақтай отырып, ақыл-кеңес беру арқылы бақылауға алу
тәсілі енгізілді. Осы
құжатта көзделген негізгі жаңалықтың бірі – борышкерлердің бірыңғай тізіміндегі
азаматтарға қатысты шектеу шараларының енгізілуі. Бұл – 3,5 миллионнан астам
адам.