Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков 85 жаста

Мырзатай Жолдасбековтың қолынан қаламы түскен емес, түспейді де. Әйгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбековтың шәкірттері осылай дейді. Айта кетейік, бүгін елордада қазақтың абыз ақсалының 85 жасқа толуына орай «Түркі жазуының ескерткіштері: тіл, тарих және мәдениет» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараға қайраткердің өзімен бірге зиялы қауым өкілдері, жазушылар мен шәкірттері қатысты. Олар түркологияға түрен салған тұлғаның биік болмысын, ұлт руханиятына сіңірген еңбегін елеп ескерді. Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерінің туған күніне ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жеделхатын жолдағанын айта кеткен жөн.

Тілеген Садықов, тарих ғылымдарының докторы:

– Бұл кісінің еңбектері тек қана Қазақстанда ғана емес, әлемдік деңгейде белгілі. Мысалы, Орхон жазуларының үлкен атласы шықты. Үш тілде шықты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Осы арқылы біз түркі әлемін жалпы еуразиялық кеңістікке көрсете алдық десек артық болмайды.  Мырзатай Жолдасбековтың жалпы ғылымға беретін ғылыми зерттеуге беретін үлесі әлі де бар деп ойлаймын.

Тұрсынхан Закен, тарих ғылымдарының докторы:

– Бұл кісі Премьер-министрдің орынбасары болып жүрген кезде, тәуелсіздіктің ең алғашқы кезеңінде шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне бағытталған үлкен іс-шара өтуіне мұрындық болды. Ол Дүниежүзі қазақстарының бірінші құрылтайы. Бұл кісі әлі аттан түскен жоқ. Мен ойлаймын, бұл кісінң бүкіл өмірі, жолы, ұстанымы, қазақилығы кейінгі өзінің артынан келе жатқан ұрпаққа өнеге деп есептеймін.

 

Автор: Ақзер Сегізбай