Оңтүстік Қазақстан тарихқа бай өлке.Табиғаты әсем, климаты жанға жайлы. Басқа өңірлерге қарағанда бұл жерде емдеу сауықтыру шипажайлары өте көп. Оған бірқалыпты ауа-райы мен табиғаты және емдік қасиеті бар жер асты суларының көп болуы да себеп. Біз бүгін Оңтүстік Қазақстандағы тағы бір емдеу-сауықтыру шипажайына келдік.Шымкенттен 25 шақырым, ал Манкент станциясынан 6,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Жеміс - жидекке тұнған мәуелі бақтың ортасындағы ертеден келе жатқан Қазақстан шипажайларының бірі.